ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 81 ЖАСТАҒЫ ДИРИЖЕР ОРКЕСТР БАСҚАРЫП ЖҮР

    1 / 2

    Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны, белгілі композитор, күйші, дирижер әрі музыкатанушы Бөрі Иса – қазақтың ұлттық музыка өнеріне елеулі үлес қосып келе жатқан өнер қайраткері. Сексеннен асқан жасына қарамастан, шығармашылық ізденісін тоқтатпай, өнер саласындағы белсенді қызметін жалғастырып келеді. Ол небәрі 18 жасында оркестр басқарған. Бүгінде 81 жастағы Бөрі Иса дирижерлік таяқшасын қолынан тастамай, «Жетісай сазы» халық аспаптар оркестріне жетекшілік етіп жүр.

    Өнер иесі – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, өнертану ғылымының доценті. Ол композиторлық, орындаушылық және ғылыми-зерттеу бағыттарын қатар дамытып, ұлттық музыканың сақталуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып келеді.

    Шығармашылық қоржынында «Ақсақ құлан», «Желтоқсан», «Жиделі байсын» атты партитуралар жинағы, сондай-ақ «Жеңіс жолы», «Пернебек шешен» атты ғылыми-танымдық еңбектері бар.

    Сонымен қатар ол жергілікті сазгерлердің әндерін оркестрге лайықтап, партитураларын әзірлеу, ұмыт бола бастаған халық күйлерін қайта жаңғырту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары