ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ
Құрметті біздің сайтқа келушілер!
Департамент ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық бөлімшесі болып табылады . Департаменттің міндеті зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Департамент "Азаматтарға арналған үкімет" МК-мен бірлесіп республикалық бюджет қаражатынан барлық зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындауды жүргізеді. Қаланың медициналық мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиялары мүгедектік тобын белгілейді және осы азаматтар үшін қажетті оңалту шараларын әзірлейді. Мемлекеттік бақылау шеңберінде біз мүгедек адамдардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеміз және қандай да бір бұзушылықтар анықталған кезде оларды қалпына келтіру жөнінде қажетті шаралар қолданамыз.
Департаменттің басты міндеттерінің бірі-халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. Бүгінгі таңда Департаментпен 14 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Тұрақты негізде біз Департамент қызметінің бағыттары бойынша қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, құзыреті шеңберінде кез келген қызықтыратын мәселелер бойынша халықпен кездесулер өткіземіз және азаматтарды қабылдауды жүзеге асырамыз.
Біздің басты мақсатымыз – азаматтарымыздың әлеуметтік тұрақтылығы мен әл-ауқаты!
Жаңалықтар
АшуСыбайлас жемқорлықтың алдын алу– ортақ міндет
АшуЖеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) дегеніміз не және оны қалай пайдалануға болады?
Ашу2026 жылғы 28 қазандағы Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндірудің негізгі бағыттары
АшуМүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қалай тағайындалады?
АшуҚолжетімді орта – бірлескен жұмыстың нәтижесі
АшуМӘС-те сырттай проактивті куәландыру: аурулар тізбесі және өткізу тәртібі
Құжаттар
2026 жылғы 9 айындағы зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау көрсеткіштері
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен 2026 жылдың 9 айында мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілген 14 түрлі мемлекеттік қызмет бойынша 9897 қызмет көрсетілді, оның ішінде тағайындалғаны- 9641: жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау – 1430; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау – 1681; мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 407; асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау – 135; арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау –135; бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау – 2421; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) берілетін жәрдемақыны тағайындау – 137; І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауға байланысты жәрдемақыны тағайындау – 128; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 101; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау – 413; жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау – 1013; арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау – 189; нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу – 1448; Семей сынақ ядролық полигоннан зардап шеккендерге біржолғы ақшалай өтемақы- 3. Тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданғандар-256: жасына байланысты зейнетақы тағайындау- 3; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау- 4; бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау- 2; арнайы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау- 1; нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарының инфляция деңгейін ескере отырып сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу- 246.
Медициналық-әлеуметтік сараптама бағыты бойынша 2026 жылдың 9 айындағы көрсеткіштері
МҮГЕДЕКТІКТІ ТАЛДАУ 1. Мүгедектіктің жалпы көрсеткіштері Куәландырылған адамдардың жалпы саны: 2630 (өткен жылдың ұқсас кезеңінде: 2762) Алғаш рет куәландырылды : 553 --- жалпы санның үлесі :25,2%Мүгедектігі бар адамдар деп танылды : 437 --- танылғандардың үлесі : 19,5%Қарқынды көрсеткіш : 10 мың тұрғынға шаққанда 19,95 Алғаш рет танылғандардың жас құрылымы --- еңбекке қабілетті жас: 253 ( 45,7%) --- зейнеткерлік жас : 53 ( 9,5 %) балалар : 131 ( 23,6 %) Бастапқы және қайталама мүгедектік Алғаш рет танылған : 437 Қайта куәландырылған : 2077 ((өткен жылдың ұқсас кезеңынде : 440/ 2182 ) Бастапқы мүгедектіктің құрылымы 4.1 Ересек тұрғындар Жалпы саны : 306 Үздік – 5 нозологиялық форма : 1. Қан айналымы жүйесінің аурулары - 75 ( 24,5 %) 2. Қатерлі ісіктер - 65 ( 21,2%) 3. Кәсіптік аурулар - 46 ( 15 % ) 4. Жарақаттар - 35 ( 11,4%) 5. Психикалық бұзылулар - 18 ( 5,8 %) Өткен жылмен салыстыру : 315 4.2 Балалар Жалпы саны : 131 Үздік -5 нозологиялық форма : 1. Психикалық бұзылулар - 79 ( 60,3%) 2. Туа біткен ақаулар - 12 ( 9,1 %) 3. Жүйке жүйесінің аурулары - 10 ( 7,6%) 4. Эндокриндік аурулар - 8 ( 7,1 %) 5. Қатерлі ісіктер - 5 ( 3,8 %) Өткен жылмен салыстыру : 125 Оңалту көрсеткіштері Толық оңалту : 141 (8,3 % ( өткен жыл : 9, 6 % ) Ішінара оңалту : 72 (13, 83 %) ( өткен жыл : 14, 9 % ) Жағдайдың салмағы : 66 (4, 4 %) ( өткен жыл:4, 2 % ) Сырттай куәландыру Сырттай куәландыру саны : 952 Жалпы санның үлесі : 36, 2 %
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картограммасы 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетініңҰлытау облысы бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің Картограммасы 2025 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша № п/п Қызмет саласы (бағыты) Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау себептері мен жағдайлары Тәуекелдерге бейім лауазымдар (құрылымдық бөлімшелер) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды жою бойынша қабылданған шаралар Нәтиже (күтілетін/қол жеткізілген) 1 Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік төлемдер Төлемдерді тағайындау, тоқтата тұру немесе тоқтату кезінде нормаларды әртүрлі түсіндіру және біркелкі емес шешімдер қабылдау тәуекелі. Жекелеген нормалардағы олқылықтар мен екіұштылық; жеке кәсіпкерлердің еңбек өтілі мен кірістерін тексеру қажеттілігі; ведомствоаралық жекелеген процестерді автоматтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі; алушылар туралы мәліметтерді уақтылы жаңартпау тәуекелі. Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі; құжаттарды тексеруге және төлемдерді тағайындауға қатысатын мамандар. Комитетке ұсыныстар жолданды. Субъективті көзқарас пен негізсіз төлемдер ықтималдығын төмендету; рәсімдердің бірізділігі мен ашықтығын арттыру. 2 Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) Кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін айқындау критерийлерін субъективті түсіндіру және куәландыру кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдану тәуекелі. Қағидаларда көзделген жекелеген критерийлерді қолданудағы екіұштылық; кәсіптік ауруларды қоса алғанда, жекелеген санаттар бойынша куәландыруды бетпе-бет өткізу; кадрлардың толық жасақталмауы және шағымдарды қарау кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі; куәландыруға және қабылданған шешімдерді қайта қарауға қатысатын мамандар. Комитетке ұсыныстар жолданды. МӘС шешімдерінің объективтілігін арттыру; даулы шешімдер мен шағымдар санын азайту; комиссия құрамына қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысының алдын алу. 3 Бақылау және қадағалау қызметі Тексерулер жүргізу кезінде бақылау рәсімдерін әркелкі қолдану және субъективті пайымдауларға жол беру тәуекелі. Нұсқамаларды орындау мерзімдерін айқындаудың бірыңғай критерийлерінің болмауы; әкімшілік жауаптылық субъектісін айқындау және жекелеген нормаларды қолдану кезіндегі екіұштылық; қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша кейінгі бақылаудың жекелеген стандарттарының, тексеру парақтарының және рәсімдерінің жеткіліксіздігі. Бақылау және қадағалау бөлімі; тексерулер жүргізуге және олардың нәтижелерін ресімдеуге қатысатын лауазымды тұлғалар. Комитетке ұсыныстар жолданды. Мүдделер қақтығысының алдын алу; рәсімдік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; шағымдарды қараудың объективтілігіне деген сенімді арттыру. 4 Кадр жұмысы және шағымдарды қарау Бұрын өзі қатысқан шешімге қатысты шағымды қарау кезінде мүдделер қақтығысының туындау тәуекелі. МӘС бойынша бекітілген штат саны МӘС қағидаларының 17-тармағына сәйкес келмейді, кворум жоқ. МӘС бөлімшелерінің бастапқы шешімді қабылдауға және шағымдарды қарауға қатысатын басшылары мен мамандары. Комитетке ұсыныстар жолданды. Мүдделер қақтығысының алдын алу; рәсімдік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету; шағымдарды қараудың объективтілігіне деген сенімді арттыру. Ескерту.2025 жылғы талдау барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының фактілері мен жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Кестеде талдау нәтижесінде анықталған осал тұстар мен олардың алдын алу шаралары көрсетілген. Күтілетін нәтижелер нысаналы сипатқа ие.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
1-қосымшаСыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша айқындалған,сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісінің атауы:Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне бейім лауазым Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қамтитын лауазымдық өкілеттіктер Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің деңгейі МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы Мемлекеттік қызмет көрсету (мүгедектікті және/немесе еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау) мемлекеттік қызмет алушылармен тікелей байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады Мемлекеттік қызмет (сырттай және сырттай проактивті түрде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) мемлекеттік қызмет алушылармен тікелей байланыс жасау арқылы көрсетіледі жоғары МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы МӘС бөлімінің басшысы МӘС бөлімінің бас маманы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Бақылау функцияларын жүзеге асыру Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау, сондай-ақ жоспардан тыс тексерулер бақылау субъектісімен тікелей байланыс болған кезде жүргізіледі жоғары Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы
Департамент қызметінің көрсеткіштері «Мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларының (ЖОБ) іске асырылған әлеуметтік бөлігінің үлесін мониторингтеу» бағыты бойынша
Оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтеріне мұқтаж адамдардың жалпы саны – 4 556, оның ішінде: - протездік-ортопедиялық көмек – 477; - сурдологиялық көмек – 76; - тифлотехникалық құралдар – 148; - кресло-арбалар – 123; - санаторийлік-курорттық емдеу – 1 237; - жеке көмекшінің қызметтері – 236; - ымдау тілі маманының қызметтері – 55; - міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 2 204. Оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етілген адамдардың жалпы саны – 3 890, оның ішінде: - протездік-ортопедиялық көмек – 329; - сурдологиялық көмек – 55; - тифлотехникалық құралдар – 113; - кресло-арбалар – 113; - санаторийлік-курорттық емдеу – 876; - жеке көмекшінің қызметтері – 233; - ымдау тілі маманының қызметтері – 55; - міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 2 116. ЖОБ-ның орындалуының жалпы көрсеткіші – 85,4%.
Ұлытау облысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер субъектілерін лицензиялауға қатысты көрсеткіштер
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – АӘҚ) көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап АӘҚ көрсететін субъектілерді лицензиялау енгізілді. 2026 жылғы қазандағы жағдай бойынша Ұлытау облысында АӘҚ көрсететін 11 ұйым бар. Барлық 11 ұйым лицензия алған ( қызмет алушылардың жалпы саны 1 302 адам), оның ішінде 7 КММ және 4 ҮЕҰ. Гибридтік қызметтерді есепке алғанда берілген лицензиялар саны – 12, оның ішінде АӘҚ көрсету бойынша: - жартылай стационар жағдайында АӘҚ көрсететін – 4 ұйым (94 адам); - стационар жағдайында АӘҚ көрсететін – 1 ұйым (203 адам); - уақытша болу жағдайында АӘҚ көрсететін – 1 ұйым (20 адам); - үйде АӘҚ көрсететін – 5 ұйым (985 адам).