Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу– ортақ міндет

    СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Кездесу барысында Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Қ. Айдарханның қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы басшысының міндетін атқарушы О.Т. Жолшыбек сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде түсіндірме берді.

    Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысының алдын алу, жеке мүдделер туралы декларация ұсыну және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

    Сонымен қатар адалдық пен парасаттылық қағидаттарын ұстану, «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтау арқылы қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.

    Іс-шара соңында ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылардың сауалдарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен қоғамның ортақ міндеті!

    #Заңментәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ" жаңалықтары