Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді.
Кездесу Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен ұйымдастырылып, барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, құмар ойындарынан бас тарту, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын орындау, сондай-ақ әлеуметтік желілерде күмәнді мазмұндағы материалдарды жариялауға жол бермеу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай «Е-Өтініш» платформасын пайдалану барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі талаптарын сақтау, өтініштерді қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану және алдағы уақытта құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі ескертілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






