Қаладан тыс жерлерден келгенстуденттерге (басқа қаладан келген күндізгі бөлім студенттеріне) тұрғын үй алаңының қолданыстағы нормативін есепке алмай, тұрғылықты және уақытша тұратын жері бойынша тіркелуге рұқсат беру жоспарлануда.
Қазіргі уақытта Алматыда адам басына кемінде 15 шаршы метр тұрғын үй алаңы келуі тиіс деген талап бар. Жаңа ережелер студенттер үшін осы шектеуден ерекшелік жасауды көздейді.
Бұл шешім жобасын қалалық әкімдік әзірледі және қазіргі уақытта ол жария талқылау сатысында тұр. Одан кейін құжат бекіту үшін мәслихат депутаттарына жолданады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









