Қазақстанның даму перспективалары Лондондық симпозиумда талқыланды

    1 / 8

    2026 жылғы 4 қараша –Лондонда Азия істері жөніндегі Корольдік қоғамының (Royal Society for Asian Affairs, RSAA) бастамасымен «Қазақстанға 35 жыл: елдің трансформациясы» атты симпозиум өтті.

    Іс-шара Қазақстанның тарихи мұрасын, саяси және экономикалық өзгерістерін, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін және халықаралық аренадағы қазіргі рөлін талқылау мақсатында британдық сарапшылар мен зерттеушілердің басын қосты.Симпозиум бағдарламасытарих, саясат пен экономика, сондай-ақ мәдени мұра мен туризммәселелерінеарналған үш тақырыптық панельдік сессияны қамтыды.

    Симпозиумның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшісі Әлібек Бақаев тәуелсіздіктің 35 жылында Қазақстан өз мемлекеттілігін нығайтып, нарықтық экономика қалыптастырғанын және халықаралық әріптестермен сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

    ЕлшіҚазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауының негізгіқағидаларынаерекше назар аударып, елді одан әрі жаңғыртудың басымдықтарын атапөтті. Олардың қатарында ауқымды инфрақұрылымдық даму, энергетикалық қауіпсіздікті нығайту, көлік-транзит әлеуетін кеңейту және халықтың әл-ауқатын арттырумәселелерібар.

    Қазақ мемлекеттілігінің тарихи негіздерінеерекше тоқтап, Елші Ұлы даланың көшпелі өркениеттерінің, Жібек жолы мен Алтын Орданың бай мұрасына назар аударды. Сыртқы саясат тұрғысынан Қазақстанның халықаралық мәселелерді дипломатиялық жолменреттеугежәне диалогты дамытуғаықпал ететінорта держава ретіндегі рөлі ерекше атап өтілді.

    Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағықатынастарғаерекше назарберілді.Бұл ретте,Елші екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудағы Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің маңызын атап өтті.Өзара іс-қимылдың әлеуеттібағыттарыретінде энергетика, уран саласы, аса маңызды минералдар, Орта дәлізді дамыту, сондай-ақ британдық инвестициялар мен технологиялардытарту, оның ішінде Alatau City жобасын іске асыру мәселелеріайқындалды.

    Сарапшылық талқылаулар барысында қатысушылар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктерін қарастырды. Әсіресе қоғамдық тұрақтылықты сақтау, нарықтық экономиканы дамыту, шетелдік инвестиция тарту, ірі энергетикалық жобаларды іске асыру, ұлттық кадрларды даярлау және мемлекеттік қызметтерді цифрландырусалаларындағы табыстарға ерекше назар аударылды.

    Атырауда жиырма жыл жұмыс істеген энергетика саласының сарапшысы Николас Померой Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жобаларының ел экономикасының дамуы үшін маңызын атап өтті. Ол қазақстандық мамандардың кәсіби құзыреттерінің артып, олардың ірі кәсіпорындарды басқаруға қатысуының кеңейгенін ерекше атады.

    Еуразияны зерттеу орталығының директоры Елена Калюжнова ұлттық валютаның енгізілуін, инвестициялық ортаның дамуын және Қазақстанның Дүниежүзілік банк жіктемесі бойынша табысы орташадан жоғары елдер санатына қол жеткізуін атап өтті.Сондай-ақ макроэкономикалық тұрақтылықты қамтымасыз етудегіҰлттық қордың рөліайтылды.

    Бристоль университетінің мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі сарапшысы доктор Салтанат Жаненова Қазақстанның мемлекеттік секторын реформалау мәселелерін, соның ішінде электрондық үкіметті және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамытудымәселесінқозғады. Цифрландыру жағдайында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылды.

    Симпозиум британдық сарапшыларқауымдастығыныңҚазақстан, оның тарихи мұрасы, тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріжәне алдағыдамудың басымдықтары туралы түсінігін кеңейтуге ықпал етті. Қазақстанды көп жыл бойы зерттеп, елде жұмыс істеген мамандардыңпікірлері мен бағаларыталқылауларға ерекшемазмұн берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары