Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елшілігі
Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 19 қаңтарда орнатылған. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі 1996 жылғы ақпанда ашылған. 2026 жылғы шілдеде Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Елшілік Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жүйесіне енеді және ҚР Ұлыбританиядағы мүдделеріне өкілдік етеді.
Елшіліктің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету және оның сыртқы саяси курсын іске асыру;
- Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының Құрама Корольдіктегі құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Қазақстан Республикасының Ұлыбританиямен ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету, Қазақстанның мемлекеттік органдарының, қоғамдық ұйымдарының және іскер топтар өкілдерінің Ұлыбританиямен байланыстарын орнату және қатынастарын дамыту;
- Қазақстан Республикасының Құрама Корольдікпен халықаралық келісімшарттары жобаларын, келісімшарттарды жасасу, орындау және тоқтату жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, Қазақстанның болу елімен жасасқан келісімшарттарының орындалуына бақылау жасау;
- консулдық қызмет;
- өзге де міндеттер.
ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігі сондай-ақ Қазақстанның Ирландия Республикасындағы және Исландиядағы өкілдігі болып табылады.
Жаңалықтар
АшуҚазақстанның даму перспективалары Лондондық симпозиумда талқыланды
АшуЛондонда Alatau City инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру тетіктері талқыланды
АшуПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
АшуКембридж университетінде Ботай мәдениетіне арналған көрме және Еуразиядағы ежелгі өзара байланыстарды зерттеу жөніндегі халықаралық ғылыми конференция ашылды
Ашу