«Заң мен тәртіп»: Жезді кентінде оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді

    1 / 4

    Ұлытау ауданының Жезді кентіндегі мектеп-интернатта «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық кездесу өтті, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Кездесу барысында дропперлік, нашақорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды. Оқушыларға аталған құқық бұзушылықтардың қауіптілігі, олардың салдары және заң алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірілді.
    Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру және оларды құқыққа қайшы әрекеттерден сақтандыру.
    Мұндай профилактикалық кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары