30 қазан мен 6 қараша аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен келген 400-ге жуық былғары қолғап шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Байрақты бәсекеде Жамбыл облысының боксшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық қоржынға 11 медаль салды. Оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 7 қола жүлде бар.
Атап айтқанда:
Нұрзат Оңғаров (50 кг) – I орын;
Бибарыс Жексен (60 кг) – II орын;
Елнұр Сүйінбай (70 кг) – II орын;
Айгерім Сәттібаева (48 кг) – II орын;
Рамазан Орынбасар (60 кг) – III орын;
Илья Калинин (65 кг) – III орын;
Әбілхан Аманқұл (75 кг) – III орын;
Диас Молжігітов (80 кг) – III орын;
Сымбат Әлиасқар (54 кг) – III орын;
Назерке Серік (65 кг) – III орын;
Жібек Жарасқызы (75 кг) – III орын.
Осылайша, Әулиеата боксшылары ел чемпионатында табысты өнер көрсетіп, өңір қоржынына 11 медаль қосты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









