Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы
«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ осы салада жоғары нәтижелерге жетуді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жоғарғы спорт жетістіктерін дамыту саласында (салаларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ осы салада жоғары нәтижелерге жетуді дамыту бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жоғарғы спорт жетістіктерін дамыту болып табылады.
Жаңалықтар
Жамбылдық спортшыларға құрмет көрсетілді
Таразда спорт саласы қызметкерлерінің облыстық спартакиадасы өтті
Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асанхан Төрехан елге оралды
Әлем чемпионы Ернұр Сүлеймен елге оралды
Меркіде еркін күрес шеберлерінің қатысуымен «Merke wrestling» жолдастық кездесу өтті
Қазан қаласында (ресей федерациясы) өткен ат үстіндегі белбеу күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы Нұржігіт Әмзеевті күтіп алу рәсімі өтті
Құжаттар
Талдамалық анықтама
Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасында 6 мемлекеттік қызмет түрі бар. Оның ішінде 4 мемлекеттік қызмет басқармамен тікелей көрсетіледі. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»«электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда көрсетіледі. Аккредиттеуден өткізілген федерация саны. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру»және «ҚР спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғыры деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бірінші санатты спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру»мемлекеттік қызметтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады. Ал,«Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»,мемлекеттік қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар, 2 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқарма бағынысындағы Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерімен көрсетіледі «Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау»және «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» Олар:мемлекеттік қызметтері«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ИИС ЦОН жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды нысанда жүзеге асырылады. 2026 жылдың ІІ тоқсанында барлығы 301 мемлекеттік қызмет көрсетілді, (Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру –301). Сонымен қатар, Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждерінің және балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің кеңсесі арқылы 705 мемлекеттік қызмет көрсетілді (Олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернаттары-колледждеріне және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттарына құжаттарды қабылдау – 0, Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау - 705). Аккредиттеуден өткізілген федерация саны-0. «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» мемлекеттік қызметі бойынша 5 пәтер берілді. Мерзімі бұзылып көрсетілген, мерзімі кешіктірілген мемлекеттік қызметтер жоқ. Тұтынушылардың тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасына, лауазым иелерінің үстінен арыз-шағым түскен жоқ. 2026 жылдың ІІ тоқсанында басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында 47 түсіндірме іс-шаралары ұйымдастырылды. 2026 жылдыңІІ тоқсанында Басқармаға бағынысты мекемелерден мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендер болмады. Сондай-ақ, басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу тәртібі туралы ақпарат басқарманың ресми сайтының «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны – 58.