Жамбылдық спортшыларға құрмет көрсетілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жамбылдық спортшыларға құрмет көрсетілді


    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын абыроймен қорғаған жамбылдық спортшыларды қабылдап, оларға құрмет көрсетті.

    2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында өткен дүбірлі додаға 43 спорт түрінен 113 елдің 3 мыңға жуық спортшысы қатысты. Байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 74 жүлдемен бірінші орынға ие болды.

    Бұл жетістікке Жамбыл облысының спортшылары да лайықты үлес қосты. Ұлттық құрама сапында сынға түскен 22 жерлесіміз 8 алтын, 11 күміс және 7 қола медаль еншілеп, ел қоржынына жалпы 26 медаль салды.

    Өңір басшысы спортшылар мен олардың бапкерлерін айтулы жетістіктерімен құттықтап, жоғары нәтижелер қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі екенін атап өтті.

    Салтанатты шара барысында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлдеге ие болған жамбылдық спортшыларға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаты мен арнайы сыйлықтары, сондай-ақ қаржылай сертификаттар табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары