Таразда ушудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық спортшы қатысып, ушу спорт түрінің түрлі бағыттары бойынша өзара мықтыны анықтады.
Жарыс барысында қатысушылар ушу-таолу (жаттығулар кешені) және ушу-саньда (еркін жекпе-жек) бағыттары бойынша бақ сынап, жоғары дайындық деңгейі мен шеберліктерін көрсетті.
Бірнеше күнге созылған бәсекеде спортшылар чемпионаттың жүлделі орындарын сарапқа салды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанып, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Айта кетейік, чемпионат жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, спорттық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








