Облыс әкімі Маңғыстау ауданының тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдады

    1 / 7

    Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.

    Қабылдауда аудан тұрғындарының басым бөлігі жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Сонымен қатар әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамту, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды дамыту және жолға қатысты өтініштерін жеткізді.

    Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша өңір басшысы жауапты басқармалар мен мемлекеттік органдарға, сондай-ақ аудан әкімдігіне тиісті тапсырмалар жүктеді. Әрбір өтінішті мұқият қарап, заң аясында шешу жолдарын қарастыру және олардың орындалу барысын бақылауда ұстау тапсырылды.

    Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының әкімдігі" жаңалықтары