«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №222 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №338 бірлескен бұйрығынасәйкес және Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 29 қазандағы №5 хаттамасының шешімі және 2026 жылғы 02 қарашадағы №1-19/6906 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 6 қарашадағы №519 бұйрығымен «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің«Алтын ұя» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Фазылова Гулзада Маратовна тағайындалды.
Фазылова Гулзада Маратовна 1982 жылы 4 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1912-1914 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша Бакалавр академиялық дәрежесін алып шықты.Еңбек жолында 2001-2005 жылдары Борсы ауылындағы Ғ.Қараш аьындағы ЖОББМ-де бастауыш сынып мұғалімі, 2005-2006 жылдары Мектептен тыс жұмыстар орталығында үйірме жетекшісі, 2006-2007 жылдары аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында үйірме жетекшісі, 2007-2018 жылдары «Жәнібек» балабақшасында тәрбиеші, 2018-2023 жылдары осы балабақшада әдіскер, 2023-2025 жылдары директорының уақытша міндетін атқарушы, 2025-2026 жылдары «Жәнібек» бөбекжайының директоры, 2026 жылдың 8 қыркүйегінен бастап «Алтын ұя» бөбекжайы директорының уақытша міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды.
Еңбек өтілі 25 жыл. «Педагог-сарапшы» және «үшінші санатты басшы» біліктілік санаттары бар.
Жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






