«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бөлім туралы
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі Жәнібек ауданының аумағында білім саласына басшылық пен үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ІХ Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өтті Ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні Т. Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектеп базасында 11-сынып оқушылары арасында ІХ Президенттік олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қызығушылығын арттыру, дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау, олардың зияткерлік қабілеттерін дамыту, сондай-ақ болашақ кәсіби бағдарын айқындауына қолдау көрсету. Олимпиада барысында аудан мектептерінен келген 11-сынып оқушылары өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін, пәндік дайындықтарын сарапқа салды. Қатысушылар математика, физика, химия және биология бағыттары бойынша тапсырмаларды орындап, білім деңгейлерін көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған оқушылар: Даулетова Дана – №1 мектеп-лицейінің оқушысы; Ғаділболат Аяулым – №1 мектеп-лицейінің оқушысы; Сағынғали Элдар – №1 мектеп-лицейінің оқушысы; Тлекқабыл Нұрай – №1 мектеп-лицейінің оқушысы; Жеңіс Айым – Т. Жароков атындағы ЖОББМ оқушысы; Нұрман Айнара – Т. Жароков атындағы ЖОББМ оқушысы; Галлемов Санжар – Е. Ниетқалиев атындағы ЖОББМ оқушысы; Хасинова Балкия – Х. Халиуллин атындағы ЖОББМ оқушысы. Жеңімпаз атанған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды . Жас дарындарға алдағы облыстық кезеңде сәттілік, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! Білім додасында ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, жүлделі орындардан көрінулеріне тілектеспіз!
Математика, физика және информатика сабақтарындағы ЖИ модельдері. Бүгін аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ базасында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдеріне арналған семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты- педагогтердің жасанды интеллект технологиялары туралы білімін кеңейту, заманауи ЖИ модельдерін оқу үдерісінде тиімді және қауіпсіз қолдану дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ олардың көмегімен сабақтың сапасын, оқушылардың танымдық белсенділігін және білім алуға қызығушылығын арттыру жолдарын көрсету. Семинар барысында ЖИ модельдерінің білім берудегі мүмкіндіктері мен артықшылықтары таныстырылды, математика, физика және информатика сабақтарында ЖИ құралдарын қолдану тәсілдерін көрсеттті, сабаққа тапсырма, тест, есеп, презентация және оқу материалдарын әзірлеуде ЖИ-ді тиімді пайдалану мен оқушылардың жеке білім алу қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды саралау мүмкіндіктерін қарастырылды. Сонымен қатар, ЖИ көмегімен оқушылардың логикалық, алгоритмдік және сыни ойлау дағдыларын дамыту, мұғалімнің уақытын үнемдеп, сабақтың сапасы мен тиімділігін арттыру жайы мен ЖИ-ді қауіпсіз, жауапты және академиялық адалдық қағидаларына сай пайдалануды қалыптастыру туралы ой бөлісті. Практикалық бөлімінде Талғатов Д.Т -“ЖИ көмегімен интерактивті білім беру ресурсын және видео жасау”, Мендешов М.С.- “Мультимодальды модельдер”, Зинетуллаев М.С.- «Gemini, Storybook, GemBot және Gemini симуляторы», Қамашева Л.Қ.- “Roqed ai”, Шарафетдинова А.Б. - “gamma ai”, Сериков А.М. -”Google colab” сынды цифрлық құралдармен педагогтермен жұмыс жасады. Семинар-практикум өз мақсатына жетті. Педагогтер ЖИ модельдерін сабақтың әр кезеңінде қолданудың практикалық тәсілдерін меңгеріп, өз пәндеріне бейімделген цифрлық оқу материалдарын әзірлеу бойынша тәжірибе жинақтады.
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026» 📢 Жәнібек ауданының педагогтарының назарына! Құрметті әріптестер! «Үздік педагог – 2026» республикалық конкурсының өңірлік кезеңіне дайындық жұмыстары басталғанын хабарлаймыз. 🖥️ Конкурсқа қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта қабылданады. 📅 Конкурс кезеңдерінің өткізілу мерзімі: 🔹 Аудандық (қалалық) кезең – 2026 жылғы шілде айы 🔹 Облыстық кезең – 2026 жылғы тамыз айы 🔹 Республикалық кезең – 2026 жылғы қыркүйек айы 📚 Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі. 🌐 Құжаттарды онлайн жүктеу платформасы: 👉 https://uzdikustaz-nobd.edu.kz 📂 Конкурсқа қатысуға ниетті педагогтерді қажетті құжаттарын алдын ала дайындап, белгіленген мерзімдерді назарда ұстауға шақырамыз. 🌟 Барша қатысушыларға шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және жеңіс тілейміз! #ҮздікПедагог2026 #ЖәнібекАуданы #БҚО #Педагог #Білім #ОқуАғарту
«My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі Қазіргі заманда технология күн сайын дамып, адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып келеді. Соның ішінде робототехника саласы ерекше қарқынмен дамуда. Роботтар өндірісте, медицинада, білім беру жүйесінде, тіпті күнделікті тұрмыста кеңінен қолданылып жатыр. Осыған байланысты жастардың робототехникаға қызығушылығы артып, түрлі ғылыми жобалар мен байқаулар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «My Robot» облыстық байқауы. Байқаудың мақсаты- 10-18 жас аралығындағы оқушылардың роботты құрастыру және бағдарламалау бағытында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау көрсету. Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні аудандық білім беру бөлімінің жоспарына сай «МТЖО» МКҚК базасында «My robot» облыстық байқауының аудандық кезеңі ұйымдастырылды. Байқауға білім беру ұйымдарынан 11 команда 4 категориядан: «Инновациялық роботтар» категориясы: 14-18 жас аралығында; «Көкпар» категориясы: 14 – 18 жас аралығында; «Арқан тартыс» категориясы: 10 – 13 жас аралығында; «Теңге алу» категориясы: 10 – 13 жас аралығында 25 оқушы бақтарын сынады. Төрешілердің шешімдері бойынша «Көкпар» категориясынан: І орын - Талғат Алихан, Тұяқ Алижан (Т.Жароков атындағы ЖОББМҒ.), жетекшісі-Талғатов Дархан Талғатұлы; ІІ орын - Еболат Нұрәлі, Сенер Нурали (Аблуллин атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Мендешов Мершат Салауатович; ІІІ орын - Сағынғали Ердар, Иса Ермұхаммед (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі-Талғатов Дархан Талғаұлы. «Арқан тартыс» категориясынан: І орын - Нұрышев Сағындық, Нұрболат Тайман (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Талғатов Дархан Талғаұлы; ІІ орын - Боранбаев Арлан,Мақаш Мансұр (Ө.Сахипов атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Темиргалиев Нурлыбек Мурадымович; ІІ орын -Серік Қайсар, Базарбай Әли (МТЖО), жетекшісі- Сағадатов Елдос Базарбайұлы; ІІІ орын - Мелхат Алпамыс (Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ), жетекшісі -Мендешов Мершат Салауатович. «Теңге алу» категориясынан: І орын - Хасимов Кәрім (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі- Талғатов Дархан Талғаұлы. «Инновациялық роботтар» категориясынан: І орын - Ирсайын Рахат (Т.Жароков атындағы ЖОББМ, МТЖО), жетекшісі- Утегенов Мырзабек Нурланұлы, Сағадатов Елдос Базарбайлы; ІІ орын - Жасталап Еларыс, Құбайдолла Әлижан (М.Иксанов атындағы МББК), жетекшісі- Имангалиев Асылхан Аскарович; ІІІ орын - Иса Ермұхаммед, Қуанғали Жансерік (Т.Жароков атындағы ЖОББМ), жетекшісі -Талғатов Дархан Талғатұлы. Робототехника – тек техника жасау емес, ол болашақты құру. Бүгінде дамыған елдерде роботтар қауіпті жұмыстарды атқарып, адамдардың еңбегін жеңілдетуде. Мұндай жаңалықтар адамзат өмірін жақсартуға бағытталған. «My Robot» байқауына қатынасу – әр оқушы үшін үлкен тәжірибе. Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын таныстырып, тың идеяларымен бөліседі. Бұл олардың өзіне деген сенімін арттырып, болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі. Әсіресе IT және инженерия саласына қызығатын жастар үшін мұндай жарыстар үлкен мүмкіндік болып табылады. Робототехника – болашақтың маңызды салаларының бірі. Ал «My Robot» сияқты байқаулар жас өнертапқыштардың қабілетін шыңдап, ғылым мен технологияға деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі ізденімпаз оқушы – ертеңгі білікті инженер әрі жаңашыл маман. Барша оқушыларымыз робототехника жарысында өте жоғары нәтиже көрсетті, өздерінің білімін, ептілігін және шығармашылық жұмысын көрсете білді. Бұл жетекші педагогтарының үлкен ізденіс пен тынымсыз еңбектерінің нәтижесі. Шәкірт тәрбиелеудегі еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін зор алғыс білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз бен бағыт-бағдарларыңыз оқушылардың үлкен жетістікке жетуіне жол ашады. Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын! Оқушыларымызға тың идея, сарқылмас шабыт, батыл қиял және жеңіс тілейміз! Әр жобаңыз сәтті болып, еңбектеріңіз жоғары бағалансын. Білімге деген құштарлықтарыңыз ешқашан сөнбесін! «My Robot» байқауы баршаңызға жаңа мүмкіндік, тәжірибе және жарқын жеңістер сыйласын! Сәттілік пен толағай табыс тілейміз!
27 сәуір күні Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы және Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен қала және аудандық бім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстық мектептердің IT орынбасарларына арналған «Білім беруді цифрландыру:практикалық қолдау тәжірибесі» атты Т.Жароков атындағы ЖОББМ базасында облыстық семинар оздырылды. Семинардың мақсаты- оқу үдерісінде цифрлық ресурстарды тиімді қолдану тәжірибесімен бөлісу, цифрлық білім беру ортасын дамытуға бағыт беру мен практикалық қолдау көрсету және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыру. Семинар аясында қатысушылар: Заманауи цифрлық құралдарды қолдану тәсілдерін талқылап, тәжірибе алмасты. Іс-шара барысында цифрлық құралдарды тиімді пайдалану жолдарын қарастырып, өзара тәжірибе бөлісті. Заманауи цифрлық технологияларды қолдану бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасу алаңын қалыптастырды. Цифрлық құралдарды пайдалану тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты. Цифрлық білім беру ортасын дамытуға әдістемелік бағыт беріліп әрі практикалық қолдау ұсынылды.
Ағымдағы жылдың 17 наурыз күні «МТЖО» МКҚК базасында аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай, аудандық «NatRoboCom-2026 (National Robotics Competition)» роботтық техника жарысы роботты құрастыру және бағдарламалау бағытындағы дарынды оқушыларды анықтау және оқушылардың бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Жарысқа «Т.Жароков атындағы ЖОББМ» КММ, «Ғ.Абдуллин атындағы ЖОББМ» КММ, «Ө.Сахипов атындағы ЖОББМ» КММ-нен және «МТЖО» МКҚК тәрбиеленушілерінен 22 оқушыдан сұраныс түсіп 10-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары командалары 4 ктегория бойынша 22 оқушы қатысты. Әр категория бойынша командада оқушы саны екеуден болды. Төрешілердің қорытындысы бойынша кестеде көрсетілген оқушылар жүлделі І орынға ие болды. «Робо арқан тартыс»- Серік Қайсар Қазбекұлы, Базарбай Әли Елдосұлы; «Робо асық ату»- Амангелді Еламан Ернарұлы, Ибатов Артур Едігеұлы; "МТЖО" МКҚК , жетекшісі Сағадатов Елдос Базарбайұлы. «Робо қыз қуу – Ирсайын Рахат, Нурышов Сагиндык. "Т.Жароков атындағы ЖОББМ" КММ, жетекшісі Талғатов Дархан Талғатұлы. Облысқа жолдама алған жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!