Жаңа тағайындау

    «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №222 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №338 бірлескен бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №10 хаттамасының шешімі және 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №1-19/5830 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің Т. Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Кубаев Мереке Утегенович тағайындалды.
    Кубаев Мереке Утегенович 1972 жылы 26 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Ақоба елді мекенінде дүниеге келген. 1980 жылғы 1 қыркүйекте Т.Жароков атындағы қазақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1990 жылы орта білімді аяқтады. 1990 жылы А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы география пәнінің мұғалімі мамандығын алды.
    Еңбек жолын Х.Халиуллин атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1991 жылы Ғ. Абдуллин атындағы орта мектебіне ауысып, 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде география пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келді. 2024-2026 оқу жылдары Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы болса, 2026 жылдың маусым-тамызайлары аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарды. 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін мектеп директорының уақытша міндетні атқарушы болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 36 жыл, педагог-зерттеуші біліктілік санаты бар педагог.
    Отбасылы, 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған әке.
    Жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары