жаңа тағайындау

    «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026жылғы18тамыздағы №222және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026жылғы19 тамыздағы №338бірлескен бұйрығынасәйкес,Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 29қазандағы №5 хаттамасының шешімі және 2026 жылғы 02қарашадағы№1-19/6906келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің2026 жылғы 6 қарашадағы №520 бұйрығымен«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімініңА.Оразбаеваатындағынегізгі ортамектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынаУрахаева Муксина Сарсенбаевнатағайындалды.

    Урахаева Муксина Сарсенбаевна1981 жылы 21 мамырда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2010 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітіріп, «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығын алды.

    Еңбек жолын 2004 жылы Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып бастаған. 2004-2024 жылдары осы мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2024-2026 жылдары Ұзынкөл ЖОББМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап А.Оразбаева атындағы НОМ-де ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, 2026 жылдың 4 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің А.Оразбаева атындағы негізгі орта мектебі» КММ директорының уақытша міндетін атқарушы болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 22 жыл, педагог-зерттеуші біліктілік санатыбар.

    Жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары