Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Иранның Грузиядағы Елшісі Сейед Али Моджанимен кездесті

    Тбилиси, 24 қараша– Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Иран Ислам Республикасының Грузиядағы Елшісі Сейед Али Моджанимен кездесті.

    Әңгіме басында С.А. Моджани Т.М. Адуовты Қазақстанның Грузиядағы Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жауапты дипломатиялық миссиясын атқаруда табыс тіледі.

    Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Әңгімелесушілер екі ел арасындағы қарым-қатынастардың негізінде сан ғасырлық өзара ықпалдастық, ұқсас дәстүрлер, мәдени байланыстар, тату көршілік пен өзара құрмет жатқанын атап өтті.

    Тараптар саяси диалогтың сындарлы сипатын, сондай-ақ сауда-экономикалық, транзиттік-көлік және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін елеулі әлеует бар екенін атап өтті.

    Сонымен қатар, Талғат Адуов ирандық әріптесін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланыстарын сақтауға және Қазақстан-Иран ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға жәрдемдесуге дайын екендіктерін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары