Қазақстан Елшісі Талғат Адуов Чехия Елшісі Петр Кубернатпен кездесті

    Тбилиси, 2026 жылғы 26 қараша –Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Чехия Республикасының Грузиядағы Елшісі Петр Кубернатқа ілтипат сапарымен барды.

    Әңгіме басында Петр Кубернат Талғат Адуовты Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, дипломатиялық қызметіне табыс тіледі.

    Елшілер Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ олар өз елдерінің Грузиямен қарым-қатынасы жөнінде пікір алмасты.

    Дипломаттар екі ел арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін және Қазақстан мен Чехияның халықаралық алаңдардағы табысты ынтымақтастығын атап өтті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлді. Олар Чехияны Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды серіктестерінің бірі деп атады.

    Талғат Адуов әріптесін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды.

    Кездесу соңында елшілер тұрақты жұмыс байланыстарын жалғастыруға және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал етуге дайын екендерін растады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары