Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі Тбилиси қаласының Поничала ауданындағы тұрғын үйде болған жарылыс салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды зор қайғымен қабылдады.
Елшіліктің бүкіл ұжымы атынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Осындай ауыр күндерде қаза тапқандардың отбасылары мен бүкіл Грузия халқының қайғысына ортақпыз. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








