Қазақстан мен Грузия стратегиялық әріптестікті кеңейтуді көздейді

    1 / 3

    Тбилиси, 10 қараша2026 – Қазақстанның Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті.

    Кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы стратегиялық әріптестіктің қазіргі жай-күйі мен оны нығайту перспективалары, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

    Тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударды. Осы тұрғыда Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін ашу жөніндегі бірлескен жұмыстың маңыздылығы атап өтілді.

    Алдағы екіжақты іс-шараларға, соның ішінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына дайындық мәселелері, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамыту жолдары қарастырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары