ҚАЗАҚСТАН МЕН ЭЫДҰ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

    1 / 2

    Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан
    Жазықбай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің Шығыс Еуропа мен Орталық
    Азия елдеріндегі құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық жөніндегі
    жобаларының жетекшісі Андрий Кухарукпен кездесті.
    Кездесуде Қазақстанның ЭЫДҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
    күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының 5-раунд мониторингі
    аясындағы жұмысы, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен
    алдағы міндеттер талқыланды.
    Қазақстанда соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл бағытындағы заңнамалық және институционалдық деңгейде
    бірқатар маңызды өзгерістер жүзеге асырылды. Заңнамаға пара беруге
    уәде ету және пара талап ету үшін жауаптылық енгізіліп, заңды
    тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілді. Сонымен қатар, мемлекеттік
    органдарда құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі арнайы
    қызметтер құрылып, мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлық
    фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғау және заңсыз
    иемденілген активтерді қайтару тетіктері жетілдірілді.
    Өз кезегінде Андрий Кухарук ЭЫДҰ мониторингінің маңыздылығын
    атап өтіп, Қазақстанмен сараптамалық ынтымақтастықты одан әрі
    дамытуға дайын екенін білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" жаңалықтары