Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Агенттік мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бағалауды және мемлекеттік бақылау жүргізетін мемлекеттік орган болып табылады.

    Агенттік туралы

    Агенттік мемлекеттік қызмет саласында басшылықты және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылауды, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайтуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асырады.

    Ереже

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Агенттік төрағасы А.Н.Жаилғанованың баспасөз конференциясы

    Сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы баспасөз конференциясы өтеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова шараның спикері болады. Тікелей таратылымды PrimeMinister.kz сайтынан және Фейсбук әлеуметтік желісінен көре аласыздар.

    5 шілде 2019 ж.Тікелей
    Пресс-центр Правительства РК
    ОтырысАяқталды

    Мемлекеттік қызметшілердің республикалық форумы

    Жас мемлекеттік қызметкерлердің республикалық форумы Агенттіктің төрағасы А.Н. Жайылғанованың қатысуымен өтеді. Форум жұмысына министрліктер мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, кәсіподақ федерациясының өкілдері және басқа да шақырылған қонақтар қатысады. Форум бағдарламасы мазмұнды және танымды: форумға қатысушылар үшін ТМД елдерінің жетекші бизнес-тренерлерінің, өзгерістер бойынша менеджерлердің, азаматтардың азаматтық және еңбек құқықтарын қорғау, өзгерістерді басқару және үздіксіз жетілдіру механизмдері саласындағы PhD докторларының қатысуымен тренингтер мен дәрістер өткізіледі. Форум аясында сондай-ақ «Қазақстан Республикасының 2019 жылғы үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық конкурсының қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

    21 маусым 2019 ж.Тікелей
    курортная зона Бурабай

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда мемлекеттік қызметшінің клиентке бағдарлануына қандай талаптар көзделген?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметшінің клиентке бағдарлануы оның лауазымдық өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қамтамасыз етіледі, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері ескеріле отырып, олармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған талаптар жиынтығын қамтиды. Сонымен, мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауға және өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде оларға толық әрі жан-жақты жауап ұсынуға міндетті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметші жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды, оның ішінде: 1) егер олардың құқықтары туындаған кезді айқындау мүмкін болса және оның келісімі болғанда, олардың жолданымынсыз; 2) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өзара байланысты бірнеше құқығын бір уақытта іске асыруды қамтамасыз ету мүмкін болған жағдайда, бір жолданым негізінде; 3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жеке тұлғалардың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғалардың орналасқан жеріне қарамастан; 4) өтініш берушіге жолданымда және қоса берілген құжаттарда жол берілген қателерді, дәлсіздіктерді немесе сәйкессіздіктерді жою, сондай-ақ жеткіліксіз құжаттарды не қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінде көзделген болса, оларды ұсыну мүмкіндігін беру арқылы жолданымды формальды негіздер бойынша қараудан бас тартуға жол бермей қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшіге қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметті өткеру мемлекеттік қызметшіге қазақстандық патриотизм, кәсібилік, клиентке бағдарлану, ашықтық, әдептілік және мінсіз бедел, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға және мүдделер қақтығысына төзбеушілік талаптарын қояды.

    Сұрақ

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға сәйкес «формальды талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу» қағидаты нені білдіреді?

    Жауап

    Бұл қағидат лауазымды адамға жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын іске асырудан бас тартуға, оларды шектеуге не тоқтатуға, сондай-ақ формальды негіздер мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмесе, талаптарды тек қана осындай негіздер бойынша белгілеуге және қоюға бағытталған әрекеттерді жүзеге асыруға тыйым салуды білдіреді.

    Сұрақ

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда «меритократия» қағидаты нені білдіреді?

    Жауап

    Бұл қағида т Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке іріктеу олардың кәсіптік құзыреттері, лауазымдық міндеттерін тиімді орындауы, біліктілік талаптарына сай болуы негізінде білдіреді.

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы қандай қағидаттарға негізделеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының қағидаттары: 1) заңдылық; 2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы; 3) есептілік, бақылауда болу және жауапкершілік; 4) мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқық; 5) рәсімдердің ашықтығы; 6) меритократия; 7) формальды талаптарды асыра пайдалануға тыйым салу; 8) мемлекеттік қызметшілерді кәсіби тұрғыдан дамыту үздіксіздігі; 9) құқықтық және әлеуметтік қорғалу; 10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де қағидаттар.

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызмет нені білдіреді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – мемлекеттік органдарда ақы төленетін мемлекеттік лауазымдарды атқаратын және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мемлекеттік қызметтің мақсаты мен ерекшеліктеріне сәйкес мемлекеттің функциялары мен міндеттерін және (немесе) мемлекеттік органдардың өкілеттігін іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсіптік қызметі.

    Ақпарат

    Қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2026 жылғы «30» қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ақпараты

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Мемлекеттік заңды тұлғалардағы басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға адамдарды қабылдау және олардың еңбек қызметін өткеру қағидаларын бекіту туралы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Мемлекеттің функциялары мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 28.10.2026 ж.

    АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНА ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРАДЫ. Мекен-жайы: Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 55, №408, №409 кабинеттер, анықтама телефондары 8 (7122) 98-24-44, 98-20-62. Орта және кіші басшы құрам бойынша бос лауазымдар: ПД Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы (2 бірлік); ПД Медициналық тобының бас маман–дәрігер (1 бірлік); ПД Медициналық тобының бас маман– бас санитарлық дәрігері (1 бірлік); ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы (1 бірлік); ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы (9 бірлік); ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының полицей-жүргізушісі (1 бірлік); ПД ғимарат күзету взводының полицейі (1 бірлік); ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімі табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы (ПАЖ операторы) (1 бірлік); ПД Балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімі табиғатты қорғау полициясы тобының полицей-жүргізушісі (1 бірлік); Атырау қаласы Полиция басқармасы жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің инспекторы (1 бірлік); Атырау қаласы Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімі учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (1 бірлік); Атырау қаласы Полиция басқармасы әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орнының полицейі (1 бірлік); Атырау қаласы Полиция басқармасы тылдық қамтамасыз ету бөлімі технигі (заттай дәлелдемелер камерасына жауапты) (1 бірлік); Атырау қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының туристік қызмет инспекторы (3 бірлік); Атырау қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы (14 бірлік); Атырау қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы (ПАЖ операторы) (1 бірлік); Атырау қаласы Полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөлімі ғимаратты күзету тобының полицейі (1 бірлік); Жылыой ауданы полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімшесі жол және техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторы (1 бірлік); Жылыой ауданы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (2 бірлік); Жылыой ауданы полиция басқармасы әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орнының полицейі (1 бірлік); Жылыой ауданы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы (11 бірлік); Жылыой ауданы полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы (ПАЖ операторы) (2 бірлік); Жылыой ауданы полиция басқармасы Теңіз полиция бөлімшесі патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы (8 бірлік); Жылыой ауданы полиция басқармасы Теңіз полиция бөлімшесі патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы (ПАЖ операторы) (1 бірлік); Жылыой ауданы полиция басқармасы Теңіз полиция бөлімшесі қоғамдық қауіпсіздік тобының учаскелік полиция инспекторы (3 бірлік); Махамбет ауданы полиция бөлімі жедел басқару орталығының инспектор-кезекшісі (бейнебақылау) (2 бірлік); Махамбет ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (1 бірлік); Құрманғазы ауданы полиция бөлімі жедел басқару орталығының инспектор-кезекшісі (бейнебақылау) (1 бірлік); Құрманғазы ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (5 бірлік); Құрманғазы ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (5 бірлік); Құрманғазы ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (5 бірлік); Индер ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (2 бірлік); Индер ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (1 бірлік); Индер ауданы полиция бөлімі жедел басқару орталығының инспектор-кезекшісі (бейнебақылау) (3 бірлік); Индер ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (1 бірлік); Индер ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы (1 бірлік); Индер ауданы полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобының технигі (заттай дәлелдемелер камерасына жауапты) (1 бірлік); Индер ауданы полиция бөлімі тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (1 бірлік); Исатай ауданы полиция бөлімі жедел басқару орталығының инспектор-кезекшісі (бейнебақылау) (1 бірлік); Исатай ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (1 бірлік); Исатай ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы (1 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі жедел басқару орталығының инспектор-кезекшісі (бейнебақылау) (1 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік полиция инспекторы (2 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы (1 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының инспекторы (1 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (2 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі цифрландыру және жасанды интеллект тобының инженері (1 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі ғимаратты күзету тобының полицейі (1 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушыларды қамауда уақытша ұстау изоляторының полицей-айдауылы (1 бірлік); Мақат ауданы полиция бөлімі Доссор полиция бөлімшесінің қоғамдық қауіпсіздік тобының учаскелік полиция инспекторы (1 бірлік); Қызылқоға ауданы полиция бөлімі жедел басқару орталығының инспектор-кезекшісі (бейнебақылау) (3 бірлік); Қызылқоға ауданы полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы (1 бірлік); Қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына үміткерлерге арналған жалпы талаптар: Жасы 35-тен аспаған, орта білімнен төмен болмау, арнайы орта, жоғары білім, физикалық дайындалған, әскери қызметтен өткен немесе әскери оқыту-резерві әскери дайындығынан өткен ҚР ҚМ ӘТМ, әскери қызметке жарамды (жоғары білімі болса әскери қызмет талап етілмейді). Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өту туралы сертификаты және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалаудан өткені туралы қорытынды болу. Қатардағы және кіші басшы құрам (сержанттық) лауазымдарына үміткерлер ҚР заңнамалар бойынша тест тапсырмай қабылданады. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағына үміткерлерге күрес, ату (қоян-қолтық ұрыс, каратэ, дзюдо, бокс және т.б) бойынша спорттық разряд болуы талап етіледі. Негізгі қызметтік міндеттер: қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және ашу,тергеу, тылдық қамтамасыз ету,техникалық қолдау көрсету. Құжаттарды қабылдау:Полиция департаментінің барлық қалалық, аудандық бөлімдерінде жүзеге асырылады. Құжатты қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Атырау облысы Полиция департаменті Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы

    Жарияланды:
    Конкурстар

    Қызылорда облысы Полиция департаменті төмендегі көрсетілген бос лауазымға іріктеу жұмыстарын жүргізетіндігі жөнінде жариялайды

    Орта басшы құрамы бойынша: - ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы, С-SVO-9 санаты бойынша . Іріктеуге қатысуға ниет білдірушілерге қойылатын негізгі талаптар: -Мемлекеттік қызмет істері агенттігі уәкілетті органы беретін тестілеуден өту туралы сертификаттың бар болуы (орта басшы құрам бойынша), денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы /әскери-дәрігерлік комиссиясы анықтайды/; Жасы - 35-тен аспаған, бойы - кемінде 170 см, -C-SVО-9 санатыбойынша /Білімі – жоғары: Экономика, Есеп және аудит, Қаржы/. Іріктеуге қатысу үшін құжаттар «Qyzmet-police.kz» цифрлық платформасына тіркелу арқылы 2026 жылғы22 - 27 қазанаралығында қабылданады. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт-Ата көшесі № 18 үй, Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы № 217 қызметтік бөлмесі. байланыс телефоны 8/72-42-/29-70-47/ Қызылорда облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасы

    Жарияланды: