Мемлекеттік қызметшілер арасында дебат турнирі өтті

    Мемлекеттік қызметшілер арасында дебат турнирі өтті

    1–2 қазан күндері Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен Мемлекеттік басқару академиясында орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында дебат турнирі өтті.

    18 команда құрамында 50 мемлекеттік қызметші қатысқан пікірталас барысында мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, жасанды интеллектінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ықпалы, басшының жеке жауапкершілігі, мүдделер қақтығысы, қызметтік әдеп, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау және хабарлаған адамдарды қорғау мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Командалар тақырыпты меңгеру деңгейі, дәлелдерінің дәйектілігі, ой қорыту логикасы, қарсы уәждердің сапасы, командалық жұмыс және сөйлеу мәдениеті бойынша бағаланды.

    Турнир қорытындысы бойынша:

    • I орын – Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі;
    • II орын – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі;
    • III орын – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

    Дебат турнирі мемлекеттік қызметшілерге өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, өз ұстанымдарын дәлелдеуге және кәсіби коммуникация дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

    Агенттік бұл бастаманы алдағы уақытта да жалғастырып, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби пікір алмасуы мен өзекті басқарушылық мәселелерді талқылауына арналған дәстүрлі алаң қалыптастыруды көздейді.

    Дебаттың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыни және талдамалық ойлау дағдыларын дамыту, мазмұнды кәсіби пікірталас жүргізу және басқарушылық мәселелерді жан-жақты талдау мәдениетін қалыптастыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" жаңалықтары