Агенттікте Даму күніне орай кездесу өтті

    1 / 10

    Даму күні аясында ұйымдастырылған іс-шара аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне Құрылтай депутаттары мен Агентік жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері келді.

    Кездесу мақсаты – қонақтарды Агенттіктің қызметімен және осы саладағы цифрлық шешімдерімен таныстыру.

    Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай қонақтарға мемлекеттік қызметті одан әрі дамытудың негізгі бағыттары, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның негізгі ережелері және мемлекеттік қызметті жетілдірудің тәсілдері туралы айтып берді.

    Қонақтарға мемлекеттік қызметке іріктеуге арналған «E-qyzmet» цифрлық жүйесінің мүмкіндіктері де таныстырылды. Жүйені жетілдіру нәтижесінде конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі едәуір қысқарып, 5-7 жұмыс күнін құрады.Сонымен қатар, жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу нәтижелері тест тапсырған күннен бастап 1 жыл бойы жарамды болады.

    Мемлекеттік қызметке оңай «кіру»үшін өзге де мүмкіндіктер жасалды. Бүгінге күнге дейін ЖОО жақсы нәтижемен (GPA кемінде 3,33 баллмен) аяқтаған 1 200-ге жуық түлек ауылдық және аудандық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасты.

    Сондай-ақ қонақтар мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға арналған Медиа-орталықтың жұмысымен танысып, мемлекеттік басқару саласында жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған бастамалар ұсынылған жасанды интеллект зертханасына барды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" жаңалықтары