Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде Ұлттық мереке –
Республика күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Агенттік пен
Мемлекеттік басқару академиясының ұжымы және мемлекеттік қызмет
ардагерлері қатысты.
Салтанатты жиында Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай
Республика күнінің ел тарихындағы айрықша маңызын атап өтіп,
Тәуелсіздікті нығайту жолындағы ортақ жауапкершілікке тоқталды.
«Биыл – ел тарихындағы айтулы белес. Тәуелсіздік алғанымызға
35 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстан өз жолын
қалыптастырып, әлемдік қауымдастықта лайықты орнын айқындады.
Оның әрбір жетістігі мен игілігі біз үшін қастерлі. Егемен елдің ең басты
байлығы – бейбітшілік пен тұрақтылық, бірлік пен татулық, ертеңге
деген сенім. Баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз – Тәуелсіздікті одан
әрі нығайтуға нәтижелі үлес қосу. Елдің ертеңі жолында
жауапкершілікпен еңбек ету, халық сенімінен шығу, Заң мен тәртіп
қағидаттарын берік ұстану – біздің кәсіби әрі азаматтық міндетіміз», –
деді Агенттік төрағасы.
Мерекелік жиын барысында мемлекеттік қызметке алғаш рет
қабылданған қызметшілер Қазақстан халқына адал қызмет етуге
салтанатты түрде ант берді.
Сондай-ақ Агенттік пен Мемлекеттік басқару академиясының
бірқатар қызметшісі Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес «Ерен
еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет саласының ардагерлеріне
«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгілері табысталып, Агенттік пен
Академияның бірқатар қызметшісі лауазымдық міндеттерін атқарудағы
белсенділігі үшін Агенттік төрағасының алғыс хаттары мен
грамоталарына ие болды.
Агенттікте Ұлттық мереке – Республика күні атап өтілді
1 / 10
Ұқсас материалдар

Астанада Республика күні қарсаңында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табысталды
Астана қаласының әкімдігіАшу
*Қаратал ауданының балуандары облыстық турнирде топ жарды!*
Жетісу облысы Қаратал ауданы Айту би ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Абай облысы Полиция департаменті ескертеді!
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Заңдылық пен азаматтардың құқықтарын қорғау — басты міндетіміз
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіАшу
АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ!
Абай облысының Полиция департаментіАшу
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі" жаңалықтары

Агенттікте Даму күніне орай кездесу өтті
ҚР МҚІААшу
Мемлекеттік қызметшілер арасында дебат турнирі өтті
ҚР МҚІААшу
Еліміздің барлық өңірінде «Қызмет алушылар күні» өтті
ҚР МҚІААшу
Агенттікте комплаенс-қызметтерге арналған диалог алаңы өтті
ҚР МҚІААшу
Мемлекеттік қызметті цифрландыру тәжірибесі Кенияда таныстырылды
ҚР МҚІААшу