Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Президенттік жастар кадр резервінің мүшелерімен жиын өткізді.
Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы Жолдауының негізгі басым бағыттары бойынша пікір алмасты.
Агенттік төрағасы Жолдауда айтылған мемлекеттік басқару жүйесін реформалау, мемлекеттік аппаратты қағазбастылықтан арылту, шешім қабылдау мен дамуға кедергі келтіретін артық рәсімдерді қысқарту, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілерге арналған жаңа әдеп қағидаттарын әзірлеуге қатысты стратегиялық міндеттерге тоқталды.
Сонымен қатар, Жолдаудағы Президент бастамаларын жүзеге асырудағы жастардың рөлі ерекше екені атап өтілді.
Кездесуге қатысқан резерв мүшелері Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, бастамаларды жүзеге асыруға атсалысуға дайын екендіктерін білдірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









