Петропавлда полицейлер мас күйде әрі жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған ер адамды ұстады

    Сағат 23:10 шамасында күнделікті рейд барысында қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Петропавлдағы Әуезов көшесінде Renault Logan автокөлігін тоқтатты. Рөлде қала маңындағы елді мекендердің бірінде тұратын 34 жастағы ер адам болған. Медициналық куәландыру нәтижесі жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғанын көрсетті. Оның үстіне, ер адамның көлік басқару құқығы болмаған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл баптың санкциясы 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында мас күйде көлік басқарудың мыңға жуық дерегінің жолы кесілді. Рейдтік іс-шаралар тәулік бойы жалғасуда. СҚО ПД мас күйде рөлге отырған жүргізуші айналасындағыларға тікелей қауіп төндіретінін атап өтеді. «Заң мен тәртіп» қағидаты жол қозғалысына қатысушылардың барлығына бірдей қолданылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары