Зайсан ауданының Шілікті ауылындағы «Қос өткел» учаскесінде 1963 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді.
Белгілі болғандай, ер адам үйінен атпен шығып, мал қарауға кеткен. Алайда қалың тұманға байланысты бағытынан адасып, кері қайтар жолды таба алмаған.
Бүгін таңертең ТЖД, полиция және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінен құралған іздестіру тобы ер адамды «Қос өткел» учаскесінен 20 шақырым жерден тапты.
Ер адам зардап шекпеген, медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
ШҚО ТЖД ескертеді: Алыс жолға немесе мал іздеуге шығар алдында ауа райын ескеріңіздер. Әсіресе тұманды күні абай болған жөн. Көріну қашықтығы нашарласа, аса қажеттілік болмаса, жолға шықпаңыздар.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









