Мұнара крандарының қауіпсіздігі

    1. Құрылыснысандарында мұнара крандарын орнату және пайдалануға беру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қандай талаптарын сақтау қажет?

    Мұнара крандарын монтаждау және пайдалануға беру Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуға тиіс.

    Ең алдымен, мұнара кранын монтаждау өндіруші зауыттың техникалық құжаттамасына және жұмыстарды жүргізу жобасына сәйкес орындалуы керек. Кран негізінің сенімділігіне, металл конструкцияларының дұрыс орнатылуына, механизмдер мен қауіпсіздік құрылғыларының жарамдылығына ерекше назар аудару қажет.

    Монтаждау аяқталғаннан кейін мұнара краны белгіленген тәртіппен қажетті тексерулерден, сынақтардан және техникалық куәландырудан өтуі тиіс.

    Есепке қоюға жататын крандар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде тіркелуге тиіс. Мұнара кранын белгіленген талаптарды орындамай және оны пайдалануға рұқсат алмай іске қосуға жол берілмейді.

    2.Мұнара крандарын қауіпсіз пайдалануға кім жауапты және иелері мен пайдаланушы ұйымдарға қандай міндеттер жүктеледі?

    Мұнара крандарын пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ өз міндеттері шегінде белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар жауапты болады.

    Пайдаланушы ұйым кранның техникалық жарамдылығын қамтамасыз етуге, техникалық куәландыруды, техникалық қызмет көрсетуді және қажетті жөндеу жұмыстарын уақтылы жүргізуге міндетті.

    Сонымен қатар, ұйым жауапты мамандарды тағайындауға, өндірістік бақылауды қамтамасыз етуге және крандарды басқаруға тиісті даярлықтан өткен, білімі тексерілген қызметкерлерді ғана жіберуге тиіс.

    Құрылыс алаңында қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аудару қажет.

    Пайдаланушы ұйымның басты міндеті – мұнара кранының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету және жұмысшылар мен айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу.

    3.Мұнара кранын пайдалануға қандай жағдайларда тыйым салынады және қандай ақаулар жұмысшылар мен халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін?

    Мұнара кранында апатқа немесе жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін ақаулар анықталған жағдайда оны пайдалануға тыйым салынады.

    Мұндай ақауларға металл конструкцияларының зақымдануы, тежегіш жүйесінің, жүк арқандарының, ілмектердің, жүк көтергіштігін шектегіштердің, шекті ажыратқыштардың және басқа да қауіпсіздік құрылғыларының ақаулары жатады.

    Сондай-ақ міндетті техникалық куәландырудан өтпеген немесе жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін қажетті жағдайлар қамтамасыз етілмеген кезде кранды пайдалануға жол берілмейді.

    Қатты жел мен қолайсыз ауа райы жағдайлары да ерекше қауіп төндіреді. Пайдалану құжаттамасында белгіленген жел жылдамдығының шекті мәніне жеткен кезде кранның жұмысы тоқтатылуға тиіс.

    Қауіпті ақаулар анықталған жағдайда мұнара кранының жұмысы кемшіліктер толық жойылғанға дейін дереу тоқтатылуы қажет.

    4.Апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мұнара крандарымен жүк көтеру жұмыстарын орындау кезінде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керек?

    Мұнара крандарын пайдалану кезінде апаттар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін өнеркәсіптік қауіпсіздіктің белгіленген талаптарын қатаң сақтау қажет.

    Ең алдымен, әрбір жұмыс ауысымы басталар алдында кран машинисі жабдықтың техникалық жай-күйін, тежегіштердің, жүк қармау құрылғыларының және қауіпсіздік аспаптарының жарамдылығын тексеруге міндетті.

    Жүк көтеру жұмыстарын орындау кезінде кранның белгіленген жүк көтергіштігінен асыруға, жүктерді адамдардың үстінен жылжытуға және бөгде адамдарды жұмыстар жүргізілетін қауіпті аймаққа жіберуге қатаң тыйым салынады.

    Жүктерді көтеру және орнын ауыстыру ақаусыз жүк қармау құрылғыларын пайдалана отырып, оларды дұрыс строптау және бекіту талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуға тиіс.

    Сонымен қатар, кран машинисі мен стропальшылар арасында тұрақты байланысты қамтамасыз ету, жұмыстарды жүргізу жобасының талаптарын сақтау және ауа райы жағдайларын ескеру қажет.

    Осы талаптарды сақтау апаттардың алдын алуға, жүктердің құлауына жол бермеуге және құрылыс алаңындағы қызметкерлер мен айналадағы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары