Жаңа туған нәрестені ТЖМ тікұшағымен Өскеменге шұғыл жеткізді

    «Өскемен-Зайсан-Өскемен» бағыты бойынша санитарлық – авиациялық рейс шеңберінде ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағының экипажы кішкентай пациентті жедел тасымалдауды қамтамасыз етті.

    Ұшқыштар Ардақ Нұғыманов, Әскербек Төлегенов және Айдар Мамырханов санавиация дәрігерлерімен Жұлдыз Абулова мен Антонт Волков санзадания қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жаңа туған нәрестені облыс орталығына жеткізді.

    Ұшу кезінде ұшқыштар ауа-райының жағдайын және маршруттың ерекшелігін ескерді.

    Дәрігерлер жаңа туған нәрестеге медициналық көмек көрсетті.

    Санавиация аясындағы ұшқыштардың жұмысы-кез келген сәтте тікұшақты аспанға көтеруге, қашықтықты еңсеруге және медицина мамандарына мұқтаж адамдарға көмек көрсету мүмкіндігін қамтамасыз етуге дайын болу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары