Ұлан ауданының Асубұлақ кенттік округінде демеушілік қаражат есебінен 20 дана көміртек тотығы (иіс газы) датчигі сатып алынды.
Иіс газынан уланудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы орган өкілдері мен Ұлан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бірлесіп, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлеріне датчиктер орнатты.
Сонымен қатар мамандар тұрғындарға пешпен жылыту жүйесін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, мұржалар мен желдету жүйелерін уақтылы тексеру қажеттігін түсіндірді.
Иіс газы – түсі мен иісі жоқ, адам өміріне аса қауіпті улы газ. Оның таралуын дер кезінде анықтау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіреміз!
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









