Өскемен қаласында «ҚТЖ» АҚ мен ШҚО ТЖД қызметкерлері бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша құрылыс материалдары сақталатын қоймада өрт шыққан. Оқиға орнына келген «ҚТЖ» АҚ мен ШҚО ТЖД күштері мен құралдары өртті сөндіруге жұмылдырылды. Өрт сөндіру жұмыстарына өрт сөндіру пойызы тартылып, оның көмегімен жалынды ауыздықтау және судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
ШҚО ТЖД бөлімшелерінің, нысан қызметкерлері мен өрт сөндіру пойызы экипажының үйлесімді әрекеттерінің арқасында шартты өрт толық сөндірілді.
Оқу-жаттығу барысында теміржол нысанындағы өрт жағдайында күштер мен құралдарды орналастыру тәртібі пысықталды. ШҚО ТЖД бөлімшелері нысанның ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі танысып, жеке құрамның дайындығын және өрт туындаған жағдайда теміржол қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау деңгейін тексерді.









