Көкжелек тұрғындары электр қуатының жиі үзілуіне назар аударды

    1 / 7

    Электр жарығының жиі сөнуі — Көкжелек ауылдық округінің тұрғындарын толғандырған мәселелердің бірі. Аудан әкімі Ермек Карентаевпен кездесуде ауыл жұртшылығы осы жағдайды айтып, электрмен тұрақты қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды сұрады.

    Тұрғындар спорт нысанына қатысты сауалдарын да жеткізді. Мал шаруашылығы жөнінде сұрақтар қойылып, ауыл тіршілігі үшін маңызды мәселелер ортаға салынды. Әр өтініш бойынша аудан басшысы жауапты бөлім жетекшілерімен бірге түсініктеме беріп, шешу мүмкіндіктерін талқылады.

    Жиында ауылдық округте бұған дейін атқарылған жұмыстарға да тоқталып, алдағы жоспарлар таныстырылды. Тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары осы жұмыстарды жоспарлау барысында ескерілуі қажеттігі айтылды.

    Кездесу нәтижесінде ауылдық округ әкіміне көтерілген мәселелерді нақты іс-шаралар жоспарына енгізіп, орындалуын қадағалау тапсырылды. Ермек Карентаев тұрғындарға тек жоспарды таныстырумен шектелмей, оның жүзеге асырылу барысын да жүйелі жеткізудің маңызын атап өтті.

    Көкжелек жұртшылығы үшін әр сауалдың жауабымен қатар, одан кейінгі жұмыстың нәтижесі маңызды. Сондықтан халықпен тұрақты кері байланыс орнатып, атқарылған шаралар туралы уақтылы ақпарат беру міндеті қойылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мойынқұм ауданының әкімдігі" жаңалықтары