Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан астаналық әйел 7 тәулікке қамалды

    Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған әйелді анықтады.

    Тексеру нәтижесінде құқық бұзушының 32 жастағы Астана қаласының тұрғыны Арай Сәкен екені белгілі болды. Тікелей эфирге шыққан сәтте ол Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерде болған.

    Аталған дерек бойынша әйелге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Сот шешімімен ол 7 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

    Полиция әлеуметтік желіде жасалған әрекеттер үшін де заң алдында жауапкершілік бар екенін ескертеді. Қоғамдық тәртіпті бұзған кез келген әрекет заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары