Сарыағаш қаласындағы «Самал» шағын ауданындағы коммуналдық тұрғын үйлер бойынша ресми ақпарат

    Сарыағаш қаласының «Самал» шағын ауданындағы коммуналдық тұрғын үйлердің жай-күйі мен пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізілуде.
    Аталған шағын аудандағы 35 тұрғын үйде барлығы 120 пәтер орналасқан. 2025 жылғы наурыз айында тұрғын үй кезектілігіне сәйкес 80 пәтер азаматтарға бөлінді. Оның ішінде көпбалалы отбасыларға – 46, жетім балаларға–18, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға – 16 пәтер берілді.
    Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұрғын үй кезегін жүргізу, есепке алу және баспана бөлу функциялары «Отбасы банк» АҚ-ға берілген.
    2026 жылы Банк арқылы тағы 32 пәтер бөлінді. Қалған 8 пәтер бойынша үміткерлерді анықтау және бөлу жұмыстары жүргізілуде.
    Сонымен қатар, коммуналдық тұрғын үйлердің мақсатты пайдаланылуын бақылау жұмыстары қолға алынған. Осы мақсатта құрылған жұмыс тобы тұрақты мониторинг жүргізуде.
    Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнематериалда көрсетілген екі пәтер бойынша да тексеру жүргізілді. 2026 жылғы 29 қыркүйектегі мониторинг нәтижесінде тиісті актілер жасалып, тұрғындарға ескертулер берілген. Қазіргі уақытта мәселені заңнама аясында шешу үшін сотқа жүгіну жұмыстары жүргізілуде.
    Коммуналдық тұрғын үйлердің заң талаптарына сәйкес пайдаланылуы және тұрғын үйді бөлу тәртібінің сақталуы бақылауда.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары