АУДАН ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    1 / 7

    ҚР Бас Прокурорының бұйрығымен Кәукен Бахытбайұлы Нәрікбаев Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының прокуроры қызметіне тағайындалды.

    Түркістан облысының прокуроры Б.Мырзакеров жаңа басшыны аудан активіне таныстырды.

    Аудан әкімі Арман Абдуллаев Кәукен Нәрікбаевті қызметімен құтықтап, жұмысына сәттілік тіледі.

    К.Нәрікбаев еңбек жолында Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, бөлім бастығы, облыс прокурорының көмекшісі, басқарма бастығының орынбасары, Абай ауданы прокурорының орынбасары, Түркістан облысы, Отырар және Ордабасы аудандарының прокуроры қызметтерін атқарды.

    Бұған дейін Түркістан қаласының прокуроры қызметін атқарған.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары