1 / 6
Бүгін жастар арасында аудан әкімінің кубогы үшін республикалық “IQ BATTLE” зияткерлік сайысы өтті!
Сайыстың ашылуында аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев сөз алып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру және жастардың зияткерлік әлеуетін дамыту жөніндегі бастамаларының маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Білім бәйгесіне жалпы 25 команда қатысып, өзара бақ сынады. Сайыс қатысушылардың білімін, логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығы мен шапшаңдығын саралаған 7 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде командалар өзара бәсекеге түсіп, жоғары дайындықтары мен білім деңгейлерін көрсетті.
Тартысты дода нәтижесінде жүлдегерлер анықталды:
I орын — «ZIYATKER» командасы (Шымкент қаласы)
II орын — «Тамаша-LIKE» командасы
III орын — «OMAROV TEAM» командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтардың сертификаттары табысталды!
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен білімге деген құштарлықтары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы сайыстарда толағай табыстар тілейміз!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі









