«Республикам мақтанышым»

    1 / 5
    25 қазан – Қазақстан Республикасы күніне орай Бударин ауылдық мәдениет үйінде «Республикам мақтанышым» атты мерекелік концерт өтті. Шара барысында ауыл әкімі Шоқан Рақымұлы сөз сөйлеп, алғыс хат табыстады.
    Мерекелік кештің шымылдығы патриоттық рухтағы әндермен ашылып, туған жерге деген сүйіспеншілік пен Отанға деген құрметті айшықтады. Концерт барысында өнерпаздар әсем ән шырқап, мың бұралған билерін ортаға салды.
    🇰🇿 Елдігімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын мерекелік шара ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
    🔰 Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік іс-шарамызға демеушілік көрсетіп, қолдау білдірген «БекетАгро» шаруа қожалығының жетекшісі Бекет Ерболатұлына шынайы алғысымызды білдіреміз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімі аппараты" жаңалықтары