Вебинар анонсы: «Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығында су ресурстарын ұтымды пайдалану»

    «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі Орталық Азияның ауыл шаруашылығында су ресурстарын тиімді басқару және климаттың өзгеруіне бейімделу мәселелеріне арналған сараптамалық вебинарға қатысуға шақырады.

    Кездесу барысында келесі негізгі тақырыптар егжей-тегжейлі қарастырылады:

    • Су тапшылығы және оның ауыл шаруашылығына тигізетін әсері;
    • Трансшекаралық су ресурстарын басқару;
    • Климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиялары;
    • Қазақстанның озық тәжірибелері;
    • Суару жүйелерін басқару.

    Іс-шара спикері:

    Оспанбаев Жұмағали — ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС егіншілік зертханасының бас ғылыми қызметкері.

    Өтетін күні:2026 жылғы 16 қараша

    Уақыты: 15:00 (Астана уақыты бойынша)

    Форматы: онлайн (Zoom платформасы)

    Тіркелу және қосылу

    Іс-шараға қатысу үшін келесі сілтеме бойынша алдын ала тіркелуден өту қажет: https://forms.gle/JwC8FvuUpS5YcWWG6

    ❗️Назар аударыңыз: Zoom-ға қосылу сілтемесі тіркелген қатысушыларға көрсетілген электрондық пошта мекенжайлары бойынша қосымша жіберіледі.

    Барлық сұрақтар бойынша мына электрондық поштаға хабарласуға болады: [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары