Аудан әкімінің жұмыс сапары

    1 / 4

    Аудан әкімі Тегісшилдік ауылдық округіне жасаған жұмыс сапары кезінде №6 мектептің жаңа оқу жылына дайындығын және жүргізілген жөндеу жұмыстарын тексерді. Мектептің терезелері, есіктері мен кіреберіс торабы жаңартылып, көмір қоймасы салынды. Сонымен қатар ол мал және өсімдік шаруашылығымен айналысатын «Мұра-төл» қожалығының жұмысымен танысып, гидропоника әдісін енгізу және ет-сүт өнімдерін өндіру жоспарларын қарады. Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелер бойынша жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді. Сапар соңында әкім «Атамекен» шаруа қожалығында жүріп жатқан 7 шақырым электр жүйесін тарту жұмыстарын көріп, сүт өңдейтін цех ашу жобасын талқылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары