Азық-түлік қауіпіздігі: Тәжікстан өкілдерінің Астанаға сапары

    1 / 3

    2026 жылғы 20 қазанда Тәжікстан Республикасының бір топ мемлекеттік қызметкері тамақтану сапасын жетілдірудегі Қазақстанның азық-түлік жүйелеріндегі оң өзгерістермен танысу үшін Астанаға сапарлай келді. Төрт күндік сапарды БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұйымдастырған және оның бағдарламасына ҚР түрлі министрліктері мен ведомстволары өкілдерімен жүздесу, 17-нші халықаралық KazAgroFarm 2026 көрмесіне бару және Ақмола облысындағы пилоттық жобамен танысу енген.

    Тәжікстан өкілерінің қатысуымен өткен кеңейтілген жиналыста сөз сөйлеген “KazAID” Қазақстандық халықаралық даму агенттігі төрағасының орынбасары Жандос Асанов KazAID-тің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы жұмысы жайлы әңгімелей келе, іс-шараға қатысушыларды ортақ мақсаттар мен мұраттарға қол жеткізу үшін өзара іс-қимылды тереңдетуге шақырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігі" жаңалықтары