1 / 7
Бударин ауылында Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, халықаралық байқаулардың лауреаты, танымал әнші-жыршы Мейрамгүл Орашеваның ән кеші өтті.
Кеш барысында сахнаға көтерілген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, қазақ радиожурналистикасының көрнекті өкілі Сауық Жақанова мен ақын Сағынтай Бисенғалиев жүрекжарды сөздерін арнап, әдемі өлең шумақтарымен кештің сәнін кіргізді.Мәдени шараға өнер иесімен бірге дәстүрлі әншілер Бибіажар Маханбетова және Светлана Қарашқызы қатысып, халыққа өз өнерлерін паш етті. 

Кеш соңында Аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Гүлбану Дәрібайқызы мен Бударин ауылдық округінің әкімі Шоқан Рақымұлы сахнаға көтеріліп, өнерпаздарға аудан және ауыл жұртшылығы атынан ризашылықтарын жеткізді.Қадірлі меймандарға арнайы Алғыс хат табыс етіліп, сый-сияпат жасалды.
Шарамыздың жоғары деңгейде өтуіне мұрындық болып, демеушілік жасаған шаруа қожалық жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз:
Амантай Марданұлы — «Бірлес» ш/қ жетекшісі,






