«Майдангерлер» алаңы

    «Майдангерлер» алаңы

    Бударин ауылында жаңғыртылған «Майдангерлер» алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
    Іс-шараға Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Гүлбану Дәрібайқызы қатысса , ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Максим Жаншаұлы мен Бударин ауылдық округінің әкімі Шоқан Рақымұлы құттықтау сөз сөйлеп, бұл игі бастаманың ел бірлігі мен туған жерге деген жанашырлықтың жарқын көрінісі екенін атап өтті. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, алаңның лентасын қиып, ашылу рәсімін өткізді.
    ▶️Осы игі іске атсалысқан барлық азаматтарға, демеушілерге және ауыл тұрғындарына шынайы алғысымызды білдіреміз. Бірлігіміз бекем, туған жеріміздің мерейі әрқашан үстем болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімі аппараты" жаңалықтары