Үй жануарларына жауапсыз қарау проблемасы

    Қараусыз қалған жануарлар мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр және мемлекеттік органдар, жануарлар иелері мен жалпы қоғам тарапынан кешенді ықпалды талап етеді. Бұл проблеманың туындауына негізгі себептердің бірі – азаматтардың үй жануарларын ұстауға жауапсыз қарауы, соның ішінде оларды қараусыз қалдыруы, одан әрі ұстаудан бас тартуы және көбеюін бақылаудың болмауы.

    Үй жануарларын ұстау кезінде белгіленген талаптар сақталуы, тиісті жағдайлар қамтамасыз етілуі, ветеринариялық қызмет уақтылы көрсетілуі, сондай-ақ оның жоғалуына және бақылаусыз көбеюіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдануы тиіс.

    Жануарлардың далада қалуы олардың өміріне ғана емес, азаматтардың қауіпсіздігіне де қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан қараусыз қалдырудың алдын алу тек ұйымдастырушылық шараларды ғана емес, сонымен қатар иелерінің жауапкершілігін арттыруды талап ететін маңызды міндет болып табылады.

    Осы проблеманың алдын алу мақсатында иелері жануарларды белгіленген тәртіппен сәйкестендіруді және тіркеуді қамтамасыз етуі, оларды ұстау және серуендету қағидаларын сақтауы, өз бетінше жүруіне және бақылаусыз көбеюіне жол бермеуі қажет. Үй жануарларын одан әрі асырау мүмкін болмаған жағдайда, жануарды қараусыз қалдырмау үшін оған жауапты болатын жаңа иесіне беру шараларын қолданған жөн.

    Жануарларды уақытша ұстау жүйесін дамыту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және үй жануарларына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастырудың маңызы зор.

    Қараусыз қалған жануарлар проблемасын мемлекеттік органдар мен қоғам бірлесіп жұмыс атқарған, сондай-ақ иелері белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтаған жағдайда ғана тиімді шешуге болады. Жануарларға жауапкершілікпен қарау адамгершіліктің көрінісі ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" жаңалықтары