Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

    Басқарма туралы

    «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ Солтүстік Қазақстан облысының ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Таза Қазақстан

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өткен жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты 4 сәуір күні, басқарма қызметкерлері шетте қалмай, туған қаламызды абаттандыруға өз үлестерін қосты. Біз бекітілген аумақтарды тазалап, тәртіпке келтіріп, тазалық әрқайсымыздан басталатынын көрсеттік Таза қала — бұл тек әсемдік қана емес, сонымен қатар тұрғындардың денсаулығы, қауіпсіздігі мен әл-ауқатына деген қамқорлық.

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Тимирязев ауданының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту қорытындылары мен перспективалары

    2026 жылғы 22 сәуірде Тимирязев ауылының аудандық әкімдігінде «Тимирязев ауданының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту қорытындылары мен перспективалары» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Іс-шара аудан әкімі Ерлан Қайырұлы Жаровтың төрағалығымен өтті. Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Арман Қанатұлы Илюкин қатысып, баяндама жасады. Өз сөзінде ол Тимирязев ауданында 2025 жылы 532 мың вакциналау және жануарларға 55 мың зерттеу жүргізілгенін атап өтті. Бұл жұмыстар аумақтың эпизоотиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған. 2026 жылға арналған жоспарларға ерекше назар аударылды. Ауданда шамамен 366 мың вакциналау және 63 мың диагностикалық және аллергиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауданның ветеринариялық қызметінің материалдық-техникалық базасын дамыту жұмыстары жалғасады (ветеринариялық пункттер сатып алу, ветеринариялық көмекші жабдықтармен қамтамасыз ету, мал қорымдарын салу).

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мағжан Жұмабаев ауданында ветеринариялық қауіпсіздік мәселелеріне арналған кеңес өтті

    2026 жылғы 06 сәуірде Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Р.Н. Смағұлов ветеринариялық қауіпсіздік мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес жұмысына Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Ж.Қ. Әміржанов қатысты. Жыл басынан бері облыста вакциналау еселігін ескере отырып, 1,2 млн.манипуляция жүргізілді, 300 мың бас жануар зерттелді. 2026 жылы ветеринариялық қызметтің инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Мал басының санын және ауыл шаруашылығы құралымдарының шоғырлануын ескере отырып, 2026 жылы Бәйтерек, Возвышенка, Қарақоға, Советское және Надежка ауылдарында 5 ветеринариялық пункт сатып алу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауданда мал қорымдарын салу, ветеринариялық көмекші жабдықтар сатып алу жұмыстары жалғасатын болады. «Акопян В.А.» ЖК-нің 1 сою алаңын меншікті қаражат есебінен сою пунктіне ауыстыра отырып реконструкциялау жоспарлануда. Соңғы 3 жылда, сондай-ақ ағымдағы жылы аудан аумағында жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттер тіркелмеген, эпизоотиялық жағдай тұрақты болып қалуда.

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ашық есік күні

    Ағымдағы жылдың 7 сәуірінде «Мемлекеттік қызмет апталығы» аясында ветеринария басқармасы «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді. Басқармаға №24 орта мектептің бітіруші сынып оқушылары таныстыру экскурсиясымен келді. Кездесу барысында басқарма қызметкерлері түлектерге ведомствоның негізгі міндеттері мен функциялары туралы, сондай-ақ государственный органға қарасты аудандық ветеринариялық станциялардың атқарып жатқан жұмыстары жөнінде айтып берді. Қызығушылық танытқан оқушылармен «Ветеринария» мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, осы салада мамандар даярлайтын оқу орындары туралы ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушыларға үй жануарларын есепке алу және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу қызметіне лицензия беру мәселелері бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды. Кездесу барысында барлық қойылған сұрақтарға түсіндірме беріліп, түлектер алдағы уақытта ашық есік күндері аясында осындай кездесулерді жалғастыруға ниет білдірді.

    21 мамыр 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Құстардың аса қауіпті аурулары кезінде алып қойылған құс үшін өтемақы көзделген бе?

    Жауап

    Министрінің бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының шаруашылықтары 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 «Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына сәйкес егер ауру белгіленген тізбеге кіретін болса, алып қойылатын және жойылатын үй құсының құнын иесіне міндетті түрде өтеу көзделген. Құстар үшін бұған әсіресе: жоғары патогенді құс тұмауы, құс обасы, құстардың орнитозы жатады. Құны үй құсының түрін және басқа да тиісті сипаттамаларды ескере отырып, орташа айлық нарықтық құны бойынша айқындалады. Ол үшін арнайы комиссия құрылады.

    Сұрақ

    Қазақстан бойынша жануарлардың орнын ауыстыру үшін ветеринариялық анықтама қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумиағында тасымалдауға (орнын ауыстыруға) жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ветеринариялық анықтамамен қоса жүреді. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық анықтамасыз тасымалдауға (орнын ауыстыруға) рұқсат берілмейді.

    Сұрақ

    Мен ветеринариялық дәріхана ашып, жануарларға арналған дәрілер сатқым келеді. Лицензия керек пе?

    Жауап

    «Ветеринария туралы» Заңның 13, 13-1-баптарына сәйкес ветеринариялық мақсаттағы дәрілік заттарды өткізу жөніндегі қызмет лицензиялауға жатпайды. Қызметтің осы түрі үшін ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың хабарландыру тәртібі белгіленген. Осыған байланысты ветеринариялық дәріхана ашу үшін қызметті бастамас бұрын ветеринария басқармасына ветеринариялық мақсаттағы дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен керек-жарақтарды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама беру қажет. Хабарлама «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

    Сұрақ

    Үй жануарларын бұрын немесе басқа елде салынған чип арқылы тіркеуге бола ма?

    Жауап

    Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес жануарды тіркеу кезінде (ветеринарлық клиника үшін) немесе жануар туралы жазбаны қосу кезінде (жануардың иесі үшін) "Бұрын чип салынған жануарды" тіркеу түрін таңдау керек, содан кейін жануарға енгізілген чиптің нөмірін көрсету керек және жануарды "TANBA" жануарларды есепке алу ақпараттық жүйесінде тіркеу аяқталғаннан кейін жүйе автоматты түрде ЖЖН (үй жануарының жеке нөмірі) береді

    Сұрақ

    «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларының қандай мәліметтері түзетуге жатады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ одан үзінді беру қағидаларының 24-тармағына сәйкес, дерекқорда мынадай ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтер түзетуге жатады: 1) ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі; 2) түрі; 3) ауыл шаруашылығы жануарының піштірілгені туралы мәліметтер.

    Сұрақ

    Жануарлардан бруцеллезге қан алдыру міндетті ме?

    Жауап

    Жануарларды бруцеллезге зерттеу ҚР АШМ 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жоспарлы тәртіппен жүргізіледі. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес жануарлардың иелері ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларының уақтылы диагностикасын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл аурудың таралуын болдырмау үшін қажет.

    Қағида

    Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың

    Жарияланды:
    Қағида

    Жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша

    Жарияланды:
    Қағида

    Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы

    Жарияланды: