«Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарларының қандай мәліметтері түзетуге жатады?
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ одан үзінді беру қағидаларының 24-тармағына сәйкес, дерекқорда мынадай ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтер түзетуге жатады:
1) ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі;
2) түрі;
3) ауыл шаруашылығы жануарының піштірілгені туралы мәліметтер.