Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес eGov жүйесінде жануарды есептен шығару үй жануарларын есепке алу жүйесінде "үй жануарын белсенсіз ету" оқиғасын тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
Белсенсіз ету жағдайларына мыналар жатады: үй жануарын жансыздандыру, үй жануарының өлімі, үй жануарының жоғалуы.
Тиісті мәліметтерді енгізу үшін иесі тіркеушіге (жеке кәсіпкерге, ветеринариялық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік емес заңды тұлғаға немесе жергілікті атқарушы орган құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымға) жүгінеді.
Тіркеуші иесінің өтініші мен растайтын құжаттардың (қажет болған жағдайда) негізінде үй жануарларын есепке алу дерекқорына тиісті оқиғаны енгізеді, содан кейін жануар белсенсіз етіледі және eGov жүйесінде белсенді деп саналмайды.