«Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде жануарлардың туған күндерін қалай өзгертуге болады?

    ·
    Сұрақ

    «Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде жануарлардың туған күндерін қалай өзгертуге болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы №367 бұйрығымен бекітілген, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ одан үзінді беру қағидаларының 35-тармағына сәйкес, егер ауыл шаруашылық жануарлары бойынша мәліметтерді өзектендіру (түзету) фактісі сот тәртібімен анықталған жағдайда, қызмет көрсетуші деректер базасындағы жануарлар туралы мәліметтерді сот шешімі негізінде өзектендіруді (түзетуді) жүзеге асырады.

    Осыған орай, ауыл шаруашылық жануарларының туған күндерін «АШЖБ» ақпараттық жүйесінде өзектендіру (түзету) тек сот шешімі негізінде жүргізіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жануарлардан бруцеллезге қан алдыру міндетті ме?

    Жауап

    Жануарларды бруцеллезге зерттеу ҚР АШМ 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жоспарлы тәртіппен жүргізіледі. «Ветеринария туралы» ҚР Заңының 25-бабына сәйкес жануарлардың иелері ветеринариялық-сани...

    ·
    Сұрақ

    Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын жануарлар иелері үшін иттер мен мысықтарға тегін чип салу қарастырылған ба? Үй жануарларына чип салу үшін қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 11-тармағына сәйкес иелері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Петропа...

    ·
    Сұрақ

    Үй жануары (ит, мысық) жоғалған немесе өлген кезде оларды eGov жүйесінде есептен шығару қалай жүзеге асырылады?

    Жауап

    Үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес eGov жүйесінде жануарды есептен шығару үй жануарларын есепке алу жүйесінде "үй жануарын белсенсіз ету" оқиғасын тіркеу арқылы жүзеге асырылады. Белсенсіз ету жағдайларына мыналар жатады: үй жануарын жансыздандыру, үй жануарының өлімі,...

    ·