Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын жануарлар иелері үшін иттер мен мысықтарға тегін чип салу қарастырылған ба? Үй жануарларына чип салу үшін қайда жүгінуге болады?
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 11-тармағына сәйкес иелері халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Петропавл қаласы мен аудандардың ветеринариялық станцияларына жүгіну қажет.